Қазақстанда осы уақытта 22 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 30 желтоқсандағы мәлімет бойынша 22 070 адам короновирус инфекциясынан (9 920 КВИ+ және 12 150 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 5 072 пациент стационарда, 16 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
257 адамның жағдайы ауыр;
45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
41 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.