Қазақстанда осы уақытта 3 314 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы кезде 3 314 адам коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанда осы уақытта 3 314 адам коронавирустан емделіп жатыр

Парақшада жарияланған мәліметтерге қарағанда, коронавирустан емделіп жатқандардың ішінде 46 сәби бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр, 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың халі аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.