Қазақстанда осы уақытта 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 586 адамның жағдайы ауыр;
• 175 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.