Қазақстанда осы уақытта 3690 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы кезде коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда осы уақытта 3690 адам коронавирустан емделіп жатыр

Емделіп жатқандардың арасында 40 сәби бар. Стационарларда 1 900 науқас жатыр, 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 104 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 11 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.