Қазақстанда осы уақытта 62 662 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (–53 945 + және 8 717 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда осы уақытта 62 662 адам коронавирустан емделіп жатыр

Олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 868 адамның жағдайы ауыр,

• 218 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 139 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.