Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 13 818 адам емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 13818 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 999 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы деректерге қарағанда, еліміздегі стационарларда 3862 науқас жатыр, 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 237 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.