Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 22102 адам емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 102 адам короновирус инфекциясынан (9 961 КВИ+ және 12 141 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telagram каналына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 4 959 пациент стационарда, 17 143 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 270 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.