Қазақстанда отандық арзан көліктер өндірісін ашу жоспарланып отырған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда отандық арзан көліктер өндірісін ашу жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Дәулет Бақберген мәлім етті.
None
None

"Әлемде осындай жобаны жасау тек Оңтүстік Кореяның қолынан келді. Бізде қазір нарықтың 50 пайызын отандық өніммен толтыру міндеті тұр. Өзіміздің көлікті шығаруға қатысты, сіздер түсінесіздер, жылына 500-1000 данамен сатылатын экзотикалық көлікті шығару мақсатымыз емес.

Оның сөзіне қарағанда, жоба өте қауіпті және инвесторлар ондайға бармайды.

"Ол көлік Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болуы шарт. Ондай жоспарлар бізде орындала қоюы екіталай", - деп түйді сөзін Д. Бақберген.

Соңғы жаңалықтар