Қазақстанда отандық бокстың дамуы туралы деректі фильм түсіріледі
АНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанның бокс федерациясы үстіміздегі жылы Қазақстан боксы энциклопедиясын жаңартып, отандық бокстың дамуы туралы деректі фильм түсірмек.
Бұл туралы бүгін Астанада федерацияның есептік конференциясында журналистермен болған кездесуінде Т. Құлыбаев айтты.
"Қазақстан боксы" энциклопедиясының қайта басылуы және «Қазақстан боксының тарихы» фильмінің шығарылымы 2011 жылдың жазына белгіленген. «Олар елімізде өтетін Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатына орай шығарылатын болады»,- деді ҚР Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев.
«Біз қазақстандық бокстың дамуы жөнінде деректі фильм жасап шығарамыз, себебі біздің елде бұл спорттың терең және үлкен дәстүрі қалыптасқан», - деп атап көрсетті ол.