19:30, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас жағдайында жасалатын қылмыс саны 10,5 пайызға кеміді - ҚР ІІМ
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас жағдайында жасалатын қылмыс саны 10,5 пайызға кеміді, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті.
«Ағымдағы жылы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас жағдайында құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін ішкі істер органдарының материалдары бойынша сот төрешілері 21 мыңға жуық адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қолға алынған шаралардың арқасында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы қылмыстың саны 10,5 пайызға кеміді», - деп аталып өтілген баспасөз қызметтің таратқан ақпаратында.