Қазақстанда өтетін Армия ойындарының байқауларына 17 ел қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 30-шы шілдесі мен 13-ші тамызы аралығында елімізде Халықаралық армия ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Аталған ойындардың негізінде 23 халықаралық байқау өткізу қарастырылуда, олардың ішінде - «Артиллериялық оқ ату шебері» және «Мерген шебі» байқаулары алғаш рет Қазақстан Республикасына қарасты полигондардың аумағында өткізілетін болады.

Қазақстан аумағында өткізілетін «Артиллериялық оқ ату шебері» байқауына қазірдің өзінде 6 елдің әскери қызметшілері қатысатыны мәлім болды. Олар - Ангола, Венесуэлла, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей.

Ал «Мерген шебі» байқауына 11 елдің армиясы - Беларусь, Венесуэлла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Моңғолия, Ресей және ОАР қатысады.

Аталған байқауларға 8 ел бақылаушыларын жіберуге дайын. Олар: Австрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың тамыз айында Армия халықаралық ойындары алғаш рет Ресейде өткізілген болатын. Оған барлығы 17 елден 56 команда қатысты. Бұл ойындар бойынша 13 байқау 11 полигонда өткізіліп, әскери қызметшілердің далалық (әуе, теңіз) машықтары сыналды. Алғашқы сайыстың қорытындысы көрсеткендей, байқаулар әскери қызметшілер мен экипаждардың кәсіби даярлық деңгейін, олардың шеберлігі мен жинақылығын арттыруға, қатысушы елдердің Қарулы Күштері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

null 

Соңғы жаңалықтар