Қазақстанда өтетін армия сайысына келетін шетелдік әскерилер қымыз, қазы-қартадан дәм татады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілде айының соңында әртүрлі мемлекеттердің әскерилері арасында өтетін Халықаралық армия ойындары өтеді, онда далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстандық 21команда құрамында 511 әскери байқауға қатысады. Байқауға қатысу үшін іріктеу турларына шамамен 6 мың адам тартылды.

Биыл аталмыш халықаралық әскери сайыстың екі байқауы біздің елде өтеді. Бұл - «Артиллериялық нысана көздеу шеберлері» және «Мерген шебі» сайыстары. Оған көптеген елдер қатысатынын растады.

«Артиллериялық нысана көздеуге» Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Ангола қатысады.

«Мерген шебі» байқауына Моңғолия, Қытай, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Зимбабве, Қырғызстан, Үндістан, Иран жауынгерлері бақ сынап көреді. Байқау қатысушыларына сол елдің ұлттық ас мәзірі ескеріле ді. Күн сайын қатысушыларға қосымша ұлттық тағамдар, яғни, бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт, сүрі ет, жылқы еті (қазы-қарта, жая) ұсынылады.

Өткен жылы Халықаралық армия ойындарына Қарулы күштеріміз үш байқауға қатысқан болатын. Онда сайыс қорытындысы бойынша «Авиадартс» пен «Каспий теңізінде» екінші орын және «Танк биатлонында» төртінші орын иемдендік.

Соңғы жаңалықтар