Қазақстанда өтетін бизнес-форумға Корея президенті қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Қазақстанда өтетін бизнес-форумға Корея президенті қатысады

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, форум жұмысына ұлттық компаниялар, экономиканың түрлі секторындағы қазақстандық және кореялық ірі бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Корея бизнес-ортасының қызығушылығын есепке ала отырып, бұл іс-шара Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыру, екі ел арасындағы кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуы, іскерлік байланысты кеңейту, сондай-ақ, экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған платформаға айналдыру жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.