Қазақстанда өткен 6 айда 7 млн. 204 мың тонна мұнай өңделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның мұнай өндіру компаниялармен және үш Мұнай өңдеу зауыттарымен 7 млн. 204,2 мың тонна мұнай өңделді.

Қазақстанда өткен 6 айда 7 млн. 204 мың тонна мұнай өңделді

Аталған көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,6 пайызды құрайды. Бұндай ақпаратты Мұнай және газ министрлігінің ресми сайты таратып отыр.

Атап айтқанда, қаңтар-маусым аралығында Қазақстанның Мұнай өңдеу зауыттары өндірген бензин көлемі - 1 471,9 мың тонна (2013 жылмен салыстырғанда 119,6 %), әуе керосині - 201,5 мың тонна (2013 жылға 111,4 %), дизель отыны - 2 008,5 мың тонна (2013 жылға 99,3 %), мазут - 1 637,9 мың тоннаны (2013 жылға 87,4 %) құраған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес, жыл басынан бері елімізде мұнай өндіру көлемі 33 507 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың басындағы жоспарға 100,9 пайызды, ал 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,5 пайызды құрайды.