Қазақстанда өткен блиц-шахматтан әлем чемпионатының жүлде қоры қандай болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Алматыда өткен блиц-шахматтан Әлем чмпионатының жүлде қоры туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жарыстың жүлде қоры қомақты болды. Өздеріңіз білетіндей, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ол сайыста чемпион атанды. Оған 40 мың доллар сыйақы берілді. Ал ерлер арасында чемпиондық атақ үшін 60 мың доллар табысталды. Сонымен қатар, әлем чемпионатында екінші орын иеленген Динара Садуақасова 30 мың доллар сыйақы алды. Жансая Әбдімәлік те 5-орын үшін гонорар алды», - деді деді Гүлмира Дәулетова.

Оның сөзінше, кеше Қазақстан шахмат федерациясының съездінде Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Динара Садуақасова және Ринат Жұмабаевты жоғарғы «Жеңіс» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар
telegram