Қазақстанда өткен сайлау ұлттық мереке тәрізді өтті - саясаттанушы Ю.Булуктаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау күні басты тұлға - сайлаушы. 26 сәуірде Қазақстан сайлаушылары жоғары деңгейден көрінді, сайлау учаскелерінде келушілер 90 пайыз деңгейінде тіркелді. Бұл тұтастай әлемдегі теңдессіз көрсеткіш, деп санайды саясаттанушы Юрий Булуктаев.
Бірінші кезекте, сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне саяси жүйенің легитимділігі дәлел.
Екіншіден, халықтың сайлауға қатысу ниеті халық билігінің қағидатын көрсететін демократиялық рәсім ретінде қазақстандықтардың сайлауға деген мүдделілігін білдіреді. Сондықтан да ұлттық мерекедей өтті.
Үшіншіден, халықтың толассыз ағыны ел азаматтарының мемлекет ісіне қатыстылығын сезінгендігін білдіреді.