Қазақстанда өткен тәулік ішінде болған өрттердің салдарынан алты адам қаза тапты, оның екеуі бала - ҚР ТЖМ

АНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулік ішінде болған бес өрттен алты адам қаза тапты, оның екеуі бала, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Қазақстанда өткен тәулік ішінде болған өрттердің салдарынан алты адам қаза тапты, оның екеуі бала - ҚР ТЖМ

27 желтоқсан күні шамамен түнгі сағат 12-нің кезінде Астана қаласының жеке үйлерінің бірінде болған өрт кезінде бір және үш жасар екі бала қаза тапты. Екі жасар тағы бір бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді. Өртті көршілері өшірді.

Таңғы бес кезінде Шығыс Қазақстан облысының Лесное ауылында да жеке тұрғын үй өртеніп кетті. Оқиға орнына облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі келді. Жалпы аумағы 40 шаршы метрді шаршпыған өртті құтқарушылар тек дүйсенбі күні таңғы сағат 10 кезінде ғана ауыздықтай алды. Өрт болған жерде белгісіз адамның мәйіті табылды, оның аты-жөні анықталуда.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлерінің бірінде 14 сағат 17 минутта өрт болды. Өртті бір сағаттан кейін облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі өшірді. Өрт кезінде 33 жастағы азамат қаза тапты.

Қостанай облысында Затобол және Бескөл ауылдық округтерінде жеке тұрғын үйлердің отқа орануының екі фактісі тіркелді. Екі оқиғада да 33 және 55 жастағы екі азамат қаза тапты.