Қазақстанда өткен тәулікте 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 152 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болып, 206 адам аталмыш дерттен жазылып кетті.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 80905 адамды құрап отыр. Сондай-ақ 5084 адам аталмыш дерттен қайтыс болып, 70696 адам жазылып кетті.