Қазақстанда өткен тәулікте 41 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің аумағында өткен тәулікте 41 азамат инфекциялық жұқпалы дерттен айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда өткен тәулікте 41 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Ведомствоаралық комиссияның бүгін таратқан мәліметіне қарағанда, аурудан жазылғандардың 9-ы Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, 19-ы Алматы қаласының тұрғыны. Сол сияқты, Алматы облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 5, Қостанай облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 азамат індеттен сауығып шыққан.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны - 1 290 720.