Қазақстанда өткен тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды

19 қазандағы мәлімет бойынша, 958 адам коронавирус инфекциясынан (–817+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 102 пациент стационарда, 856 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 5 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.