Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда 27 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

Аталмыш дерттен өткен тәулікте 3 адам қайтыс болып, 60 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен барлығы 80356 адам ауырып, 5071 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 69957 адамды құрап отыр.