Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 46 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония жұқтырудың 262 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 46 адам жазылып шықты

Сондай-ақ өткен тәулікте 46 адамның пневмониядан сауығып кеткені белгілі болды.

2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 33 877 адамды құрады. Ал осы дерттен қайтыс болғандар саны - 361. Жазылып шыққандар 27 563-ке жетті.