Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 170 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып, 5 адам аталмыш дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 89 адам сауығып шықты.

2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 45630 адамды құрап, 498 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 32982.