Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 9 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пневмониясы 180 адамнан анықталып, 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 9 адам қайтыс болды

Сондай-ақ аталмыш дерттен 290 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясын 76040 жұқтырып, 4844 адам аталған дерттен қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 62967 адамды құрап отыр.