Қазақстанда өз картобы жеткілікті - Картоп және көкөніс өсірушілер одағы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда картоп өсіретін шаруашылықтар қарқынды дамып келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Қазақстанның Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев мәлім етті.

Қазақстанда өз картобы жеткілікті - Картоп және көкөніс өсірушілер одағы

«Қазақстанда өзінің картобы жеткілікті. Сонымен қатар бүгінде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың әлеуеті қазіргі кезде өсіріп отырған көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Яғни, біз нарықтағы сұраныспен ғана шектеліп отырмыз. Атап айтқанда, бұл тұрғыда біздің мүмкіндіктер айтарлықтай жоғары. Біздің әлеует Қырғызстан, Ресей тарапынан болған жоғары бәсекелестіктен тежелуде, дегенмен де біздің сала дамып келеді. Біз техникалық жабдықталуда жақсы қарқындамыз, сондай-ақ картоп өсірудегі әлемдік талаптарға сай жұмыс істеудеміз», - деді ол.

Қайрат Бисетаевтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда өсірілген картоптың дәмдік ерекшеліктері жоғары және экологиялық тұрғыда да таза өнім болып табылады.

«Бүгінде фермерлер картопты ұзақ уақыт сақтауды үйренді, яғни маусым айын қоса есептегенде, біз осы уақытқа дейін сақтай аламыз. Осы ретте соңғы екі жылда бағаның ауытқуларына жол берілген жоқ. Қазіргі кезде тиісті сақтау технологиялары арқасында картоп бағасының күрт өсуі орын алмады», - деді ол.