Қазақстанда пара алған адам енді еселеп айыппұл төлейді - Жоғарғы сот

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дайындаған «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» нормативтік қаулыға сәйкес, пара алған адам мемлекеттің шығынын ғана өтемейді, пара сұратқан адам да еселеп айыппұл төлейді. Бұл туралы бүгін Жоғарғы Соттың төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен өткен құзырлы органның кезекті жалпы отырысында Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрықбаев мәлім етті.
None
None

«Өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық - мемлекетті ішінен жояды және ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін қоғамның дерті. Әлемнің көптеген елдері секілді, Қазақстан да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тамырына балта шабу мақсатына бағытталған жұмыстарды жүргізіп келеді. Қазақстан -бұрынғы Кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заңды алғашқылардың бірі болып қабылдаған мемлекет. Оның үстіне, БҰҰ-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына да» алғашқылардың бірі болып қол қойып отырмыз. Сондықтан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі бір бағыты - осы зұлымдықпен күресу»,-дейді Ә.Құрықбаев.

Жоғарғы соттың судьясы сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаев ұсынған 5 реформаны жүзеге асыру үшін белгіленген 100 қадамның 15 қадамы мемлекетті басқару мәселесіне арналғанын, соның ішінде 13-ші қадам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жемқорлыққа байланысты заңдарды қайта жетілдіруге бағытталғанын еске салып өтті. Оның айтуынша, жоғарыдағы қаулы осы 13-ші қадамнан туындап отыр және дер кезінде қабылданып отырған құжаттардың бірі.

«Бұл нормативтік қаулығы жаңа қабылданған Қылмыстық Кодекспен және жоғарыда айтқан конвенциядағы кейбір сыбайлас жемқорлыққа байланысты түсініктерді үйлестіре отырып, дайындадық. Нормативтік қаулы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық заңнаманың кейбір нормаларын біркелкі түсінуге және сот тәжірибесінде оларды дұрыс қолдануға септігін тигізетін үлкен құжат болмақ. Сонымен қатар, қаулыда парақорлыққа байланысты қылмыстық әрекеттерге, оның ішінде пара алудың аяқталу кезеңіне, парақорлықпен байланысты қамқоршылық пен делдалдыққа және тағы да басқа парқорлыққа байланысты туындайтын қылмыстық іс әреккеттерге түсінік берілген. Осы ретте, қаулы парақорлық үшін жауапкершілік пара беру әрекеті жасалғанға дейін немесе жасалғаннан кейін алғанына қарамастан, сондай-ақ параны алдын ала белгіленген-белгіленбегеніне, пара берушінің мүддесі үшін қандай да бір әрекеттің орындалған-орындалмағанына қарамастан туындайтынын атап көрсетеді. Параның аяқталу мерзімі параны алған сәттен басталанытыны, параның барлығын алды ма, жоқ па, оның маңызды емес екенін осы қаулыда көрсетіп отырмыз. Бұл қаулының түсіндірмесі - екі жағдайға көп көмектеседі. Біріншіден, кінәлі деп танылған адамның алған парасының сомасы мемлекеттің пайдасына өндірілетін. Екіншіден, параны еселеп айып төлеу арқылы өтеу қарастырылған»,-деп түсіндірді судья.

Соңғы жаңалықтар