Қазақстанда парахоккейдің болашағы қандай – Асхат Оралов Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда парахоккейдің болашағы қандай – Асхат Оралов Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті

«Азаматтарды қабылдау өткізіп, қолдауымызды қажет ететін мәселелерді, ұсыныс-тілектер мен бастамаларды тыңдадым. Бразилиядағы Сурдлимпиаданың алтын медалін жеңіп алған дзюдошы Еркебұлан Қанафинмен кездестім. Кейбір түсініспеушілікке байланысты чемпионымыздың жеңісі оның кейінгі ісімен байланысты көлеңкеде қалып қойғаны өкінішті»,-деп жазды министр Telegram парақшасында.

Спортшымен және Сурдлимпиада комитетінің өкілдерімен кездесіп, бәрін көзбе-көз талқылағанымыз пайдалы болды. Кездесу қорытындысы бойынша мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін осы мәселеге байланысты жұмыс тобын құруды шештім.

Сондай-ақ, қабылдау кезінде елдегі парахоккейдің дамуына қатысты да мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, елімізде осы спорт түрінен әлем чемпионатын өткізу. Кәсіпкерлер мен парахоккей Федерациясының өкілдері турнир өткізуге арналған алаң қажет екенін айтты.

«Мен бұл мәселені бақылауыма алдым. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырушыларға қолдау көрсетуге, оның ішінде ақпараттық қолдау көрсетуге дайын»,-дейді Асхат Оралов.