Қазақстанда парсы тілі мен ирантану курсы ашылды - шетелдегі қазақ баспасөзі

курс
Фото: parstoday.ir

Kazinform шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады. 

Қытайда құрлықтағы ұңғыма Азия рекордын орнатты – «Халық газеті»

15 қарашада Қытайдың Тарым ойпатында орналастырылған «Терең жер қабаты № 1» ұңғымасы жоғары дебитті мұнай мен газ ағынын алуға әзірленді. Сөйтіп, «Юэцзинь 3-3XC» құдығынан тәуліктік дебиті 200 тонна шикі мұнай мен 50 000 текше метр табиғи газға қол жеткізілді, деп хабарлайды Қытайдың «Халық газеті»

ең терең ұңғыма
Фото: kaz.people.cn

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, ұңғыма 9 432 метр тереңдікте бұрғыланған. Бұл Эверест тауынан 580 метрге биік. Ұңғыма Азия құрлығындағы аса тереңдігімен ерекшеленіп, рекорд орнатқан.
Сондай-ақ осы аптада «Халық газеті» сайтында «Қытай мен ҚР арасындағы темір жолмен жүк тасымалдау 22%-ға өсті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

темір жолмен жүк тасымалдау
Фото: kaz.people.cn

2023 жылғы қаңтар мен қазан айында Қытай мен ҚР темір жолдары арасында жүк тасымалы 23,6 млн тоннаны құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 22%-ға жоғары, деп хабарлайды «Халық газеті» порталы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Қытайдан жүк қабылдау 8%, яғни 9,1 млн тоннаға дейін, жүктерді ҚХР-ға жөнелту 32%, 14,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. Алтынкөл станциясы бойынша жүктерді тапсыру 53%, яғни 4,8 млн тоннаға дейін, қабылдау 14%, яғни 5,4 млн тоннаға дейін өскен. 

9 айда Өзбекстанға 2,6 миллион телефон импортталды - «ӨзА»

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан шетелден жалпы құны 178,2 миллион доллар болатын 2,6 миллионға жуық ұялы телефонды импорттады, деп хабарлады өзбекстандық «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

телефон импортталды
Фото: uza.uz

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұялы телефондардың импорты 398 361 бірлікке өскен.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан шетелден 181,6 миллион долларға 2,7 миллион ұялы телефон сатып алған.

Мобильді құрылғылар республикаға негізінен 5 елден әкелінген. Атап айтқанда, Қытайдан 2,3 млн дана, Вьетнамнан 223,1 мың дана, 32,5 мың дана. Ал, Қазақстаннан 2,5 мың дана ұялы телефон импортталған. 

Қытайдағы 15 қалада әлеуметтік көліктерді толық электрлендіру басталды – «Халық газеті» 

электрлендіру басталды
Фото: kaz.people.cn

14 қараша күні Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі және басқа сегіз департамент Бейжің мен Шэньчжэнь сияқты 15 қалада әлеуметтік орындардың көліктерін толық электрлендіруге арналған пилоттық аймақтардың бірінші партиясы іске қосылатынын хабарлады.

Әлеуметтік саланы кешенді электрлендіру қалалық автобустар, таксилер, санитария, пошта қызметтері, жедел жеткізу, қалалық логистика және тарату сияқты көліктерді қамтиды. Бұл туралы осы аптада қытайлық kaz.people.cn ақпараттық порталы хабарлады.

Аталған басылымның дерегінше, екі жыл ішінде бұл 15 қала 600 000-нан астам жаңа электромобильдерді көпшілікке ұсынбақ. Сонымен қатар 700 000-нан астам әлеуметтік зарядтау станцияларын салады және 7 800-ден астам электр станцияларын ауыстырады деп күтілуде. Сонымен қатар осы аптада қытайлық басылымда «Қазақстанның Ұлттық музейінде Қытайдың қағаз оймалары сақталды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. 

Қытайдың қағаз оймалары
Фото: kaz.people.cn

Ақпарат көзінің дерегінше, жергілікті уақыт бойынша 9 қыркүйек күні Шыңжаң Шихэцзы университеті бірлесіп салған Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Конфуций институтының Қытай тарапының деканы Чжао Яньцзюньнің қағаздан қиылған жұмысы Қазақстанның Астанадағы Ұлттық музейіне берілген. Бұл Қазақстан музейінің Қытайдың қағаз ойма туындыларын бірінші рет музейге сақтауы екен. 

Жетісай драма театры Анкарада көрерменнің көңілінен шықты – «TRT» 

Жетісай драма театры Анкарада
Фото: trt.net.tr

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры театрдың 55 жылдығы, Түркістан облысының 5 жылдығы аясында Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында гастрольдік іс-сапармен келді.

Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойы және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың да 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген сапар кеше басталды. Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Аталған басылымның келтірген мәліметіне сүйенсек, театр ұжымы мен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының өкілдерін Түріксой ұйымының бас хатшысының орынбасары Cаид Юсуф қабылдаған. Драма театр ұжымы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын қойды. 

«TRT»-ның дерегінше, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық ұжымы Анкарада көрерменнің көңілінен шыққан. 

Қазақстанда парсы тілі мен ирантану курсы ашылды - «Parstoday» 

Қазақстанның Астана қаласында парсы тілін үйрету және ирантану курсының жаңа кезеңі басталды, деп хабарлады «Parstoday» ақпарат агенттігі.

курс
Фото: parstoday.ir

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы Иран елшісі Әли Акбар Джоукар парсы тілі курсының ашылу рәсімінде парсы тілінің ерекшеліктерін санамалады.

Оның әлемдегі таралым аясы және оның ғылым, әдебиет, мәдениет және сопылық салаларындағы маңыздылығын атап өтіп, қандай мақсат болса да, парсы тілін үйренуді лайықты таңдау деп атады.

Әли Акбар Джоукар әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.) тіл үйрену туралы сөздеріне тоқталған.

Айта кетейік, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ИИР осы елдің тәуелсіздігін ресми түрде танып, осы елдің астанасында өз елшілігін ашқан алғашқы елдердің бірі болды. Екі халықтың діни, мәдени және тарихи тамырын ескере отырып, Иран мен Қазақстанның 30 жылдық қарым-қатынасы тепе-теңдікте қарқындап дамып жатыр.

Сонымен қатар осы аптада ирандық басылымда Тараз қаласының құрметті азаматы, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аяғымен сурет салатын, тігін және кесте тігетін Анар Бексұлтанның «Ирандағы он күнім» атты шағын мақаласы жарық көрді. 

Ирандағы он күнім
Фото: parstoday.ir

Айта кетейік, 2023 жылы 2-9 қарашада Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында HOMAM қайырымдылық қоры мен осы елдің Мәдени мұра ұйымының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сегіз күндік HOMAM 3-ші халықаралық фестивалі өткен.

Автордың айтуынша, аталған фестивальге шақыру алу ол үшін үлкен мәртебе болған. Қуаныш пен қобалжу сезімі қатар жүре жолға шыққан оның Иранға аяқ басқаннан-ақ қорқыныш сезімім бірден сейілген. Өйткені Тегеран қаласы сондай әдемі, өзіндік архитектурасымен авторды таңғалдырған көрінеді.

Анар Бексұлтанның пікірінше, ұйымдастырушылар тарапынан көрсетілген құрмет жоғарғы деңгейде болған. Сондай-ақ ол көрмеге лауазымды тұлғалар келіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсеткеніне куә болғанын айтады. 

Соңғы жаңалықтар