Қазақстанда пәтер бағасы 12 пайызға арзандады
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылдың тоғыз айында Қазақстанда баспана бағасы 12,11 пайызға төмендеді.
Бұл туралы КазРиэлт-Недвижимость порталына сілтеме жасап, Kapital.kz іскерлік ресурсы хабарлады.
Қыркүйек айында пәтердің орташа бағасы бір шаршы метрі үшін 216,7 мың теңгені құрады. Ескі үйлердің құны 13 пайыздан астамға арзандады. Ал жаңадан салынған үйлер, керісінше, 2012 жылдың қыркүйегінен бастап 4,5 пайызға қымбаттай түсті.
Соңғы тоғыз айда жекеменшік тұрғын үйлер 0,9 пайызға арзандады. Ал жер телімі бағада 20,4 пайыз жоғалтты. Қыркүйекте жеке тұрғын үй, бақша салуға және ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған он сотық жер 867,3 мың теңге тұрды.
Сәйкесінше 27 және 6,8 пайызға жалға берілетін бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердің құны төмендеді. Қыркүйек айында Қазақстан бойынша ол айына 79 мың теңге және 119 мың теңгені құрады.