Қазақстанда пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер саны 80 пайызды құрайды - Т. Өмірзақов

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер саны 80 пайызды құрайды.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінінің спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Тұрсынбек Өмірзақов осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 3,5 млн.-нан астам жеңіл автокөлік тіркелген. «Бұл ретте жалпы көліктердің 3 млн.-ға жуығы немесе 80 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Шығарылған жылынан бастап мерзімі 7 жылдан аспайтын көліктер небәрі 13 пайызға тиесілі. Еуропамен салыстыратын болсақ, онда автокөліктердің орташа пайдалану мерзімі небәрі 8 жылды құрайды. Пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер 35 пайыздан төмен болса, сондай-ақ ескірген және моральдық жағынан тозған автокөліктер санының өсуі экологиялық және жол қауіпсіздігі тұрғысынан кері әсер етеді», - дейді Т. Өмірзақов.

Оның айтуынша, Еуропада ескірген көліктерді қайта өңдеп кәдеге жаратудың орташа деңгейі жылына 60 пайызды құрайды. «ал Қазақстанда автокөліктердің мейлінше тозуын ескеретін болсақ, бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Ендеше, Қазақстанға жылына 220 мың автокөліктерді пайдаланудан алып, оны қайта кәдеге жаратуға жолдау қажет», - деді Тұрсынбек Өмірзақов.

Соңғы жаңалықтар