Қазақстанда пайдалануға берілетін көптеген биік ғимараттардың өртке қарсы жағдайы қанағаттанарлық емес - конференция
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Тексерістер көрсеткендей, Қазақстанда пайдалануға берілетін көптеген биік ғимараттардың өртке қарсы жағдайы қанағаттанарлық емес.
Бұл туралы «Биік нысандардың қауіпсіздігі» ІІ халықаралық конференция барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Александр Кузнецов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Кузнецовтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда 10 қабаттан асатын 486 биік ғимарат бар. Олардың көбісі Алматы, Астана, Орал және Қарағанды қалаларында бой көтерген. Басқарма бастығы сөз орайында әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда талап етілетін өрт қауіпсіздігі деңгейі біраздан бері сақталып келе жатқандығын да атап өтті.