Қазақстанда педофилдерді тіркейтін бірыңғай база құрылады - маман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыс жасаған адамдарды тіркейтін бірыңғай база құрылады. Мұндай мәліметті бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның мүшесі Сәуле Айтбаева мәлім етті.

Қазақстанда педофилдерді тіркейтін бірыңғай база құрылады - маман

«Біз елімізде жасөспірімдерге қатысты жыныстық қылмыс жасаған адамдарды тіркеп отыратын бірыңғай электронды база құру туралы шешім қабылдадық. Мұндай тәжірибе Ұлыбритания, Канада, АҚШ сияқты елдерде бар», - деп атап өтті С. Айтбаева.

Оның айтуынша, дегенмен бұл жоба іске асуы үшін еліміздегі бірқатар заңнамаларға, соның ішінде жеке мәліметтерді қорғау туралы заңға өзгертулер енгізу қажет.