Қазақстанда Pfizer-дің қанша дозасы бар
«Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы келіп түсті. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакцинация республиканың 7 өңірінде басталды. Олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары.
Бүгінгі күні 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды», - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Pfizer вакцинасын алғысы келетін халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін ақылы нарыққа жеткізуді ұсынды.
«ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметіне COVID-19-ге қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халық қалауы бойынша коммерциялық нарық сегментіне шығару ұсынылды. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Алексей Цой.