Қазақстанда «Pfizer» вакцинасымен қанша адам егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел өңірлерінде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, 15 желтоқсандағы жағдай бойынша, бүгінге дейін «Pfizer» препаратының I дозасын 200 884 адам, ІІ дозасын 30 017 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонентпен
Жасөспірімдер – 159 514,
Жүкті әйелдер – 12 048,
Бала емізетін әйелдер – 29 322.
ІІ компонентпен
Жасөспірімдер – 22 668,
Жүкті әйелдер – 2 191,
Бала емізетін әйелдер – 5 156.