Қазақстанда «Pfizer» вакцинасын 36 179 жүкті әйел салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 6 сәуіріндегі ақпарат бойынша «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 964 966 адам салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссияның деректеріне қарағанда, «Pfizer» вакцинасының ІІ-ші дозасын 835 864 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 787 963 жасөспірім, 36 179 жүкті әйел, 128 926 бала емізетін әйел салдырған.

ІІ-ші компонентін 696 434 жасөспірім, 30 514 жүкті әйел, 108 056 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар