Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының екінші компоненті 1,2 млн-ға жуық адамға егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 22 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 544 079 адам, 2-ші компонентін 9 325 823 адам салдырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
2022 жылғы 22 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 231 220 адам, ІІ дозасын 1 177 372
адам салдырды. Оның ішінде І компоненті егілгендер:
Жасөспірімдер – 869 427,
Жүкті әйелдер – 41 297,
Бала емізетін әйелдер – 145 103 адам.
ІІ компаненті егілгендер:
Жасөспірімдер – 849 803,
Жүкті әйелдер – 38 970,
Бала емізетін әйелдер – 140 273 адам.