13:35, 01 Наурыз 2023 | GMT +5
Қазақстанда пияз бағасы 100% қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3% құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сонымен қатар жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.
2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%, кір сабын – 90,3%, кеңсе тауарлары – 71,8%, қияр – 56,8%, ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан, қант – 55%, консервіленген сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн 40,2% қымбаттаған.
Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады.