Қазақстанда православ дінінің өкілдері Пасха мерекесін атап өтуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан және Астана метрополиті Александр православ дінінің өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Метрополит Александр Алматыдағы Вознесенск шіркеуінде, ал метрополиттік округ істерін басқарушы епископ қаскелеңдік Геннадий Астанадағы Успен шіркеуінде діни жоралғыларды жасауда. 8 сәуір күні кешкісін сағат 17-00-де Алматыдағы Вознесенск шіркеуінде Иерусалмдегі Құдай табыты храмынан қасиетті жалынды жеткізу рәсімі өтеді.
Қазақстандық метрополиттік округінің басшысы мерекені талапқа сай атап өту арқылы қалың көпшілік рухани тұрғыда бір саты жоғарылай түсетінін айтты.
«Осы мерекені қадір тұтып, қастерлейтін біздің әр адам өзгелерден көмек күтіп жүрген адамдарға қолдау көрсеткені абзал. Біз өмірдің қызығын көре алмаған, қайғырып жүрген, жалғыздықтың зардабын тартып, денсаулығының болмауынан жапа шегіп жүрген адамдармен бір ортада өмір сүре отырып, алңсыз той тойлап жүре алмаймыз. Пасха мерекесінің жарқын күндерінде біз бүкіл әлемде бейбітшіліктің орнығуын және Қазақстанымыздың нұрлануын тілейміз. Мұндағы халықтар бір-біріне туған бауырындай қарап өмір сүрсе дейміз»,-деді метрополит.
Құттықтау сөзінің соңында митрополит Александр барлық қазақстандықтарға еңбектеріне жеміс, бақыт пен денсаулық ашық аспан тіледі.
Айта кетейік, мерекелік шаралар 7 сәуір күнгі сағат 23-00-ден бастап, Қазақстанның барлық православ храмдарында өтеді.