Қазақстанда президент сайлауы бiрқалыпты өтуде - Болгария бақылаушысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда президент сайлауы бiрқалыпты өтуде, деп санайды Қазақстандағы кезектен тыс президенттiк сайлауға халықаралық бақылаушы ретiнде тiркелген болгариялық делегацияның өкiлi, Болгария Парламентінің депутаты Четин Казак.
«Бүгiн бiз бiрнеше учаскеде болдық. Бiздiң ойымызша, сайлау үдерiсi өте қалыпты өтiп жатыр. Дауыс беруге келген халық өте көп. Барлығы ұйымдасқан жағдайда өтуде, бiз ешқандай түйткiл анықтаған жоқпыз. Жастар жағы басым. Болгарияда жастар саяси тұрғыда белсендi емес, мұнда керiсiнше, Қазақстан жастарының саяси үдерiске қатысу белсендiлiгi өте жоғары. Бұл өте жақсы белгi. Қазақстан халқы дұрыс шешiм қабылдайтынына сенiм бiлдiремiз», - деп атап өттi ол бүгiн Астанада өткен брифингте.