Қазақстанда Пржевальский жылқысын өсіру қолға алынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Пржевальский жылқысының популяциясы қалпына келтіріледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамы Басқару кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин мәлімдеді.
None
None

«Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының алға қойып отырған ірі жобаларының бірі - Пржевальский жылқыларын қайтадан қалпына келтіру. Егер Қазақстандағы ең соңғы жолбарыс 1947 жылы жоғалған болса, Пржевальский жылқысы 150 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен. Дегенмен, қалпына келтіру анағұрлым жеңілірек, өйткені жануарлардың тіршілігіне қолайлы экожүйе елімізде бар.

Енді олардың тіршілік етуіне қолайлы орындарды таңдап, аталық-аналықтарын әкеліп, олардың көбеюіне жағдай туғызу қажет. Бұл жұмыстар жергілікті билік органдарымен, орман шаруашылығымен және жергілікті тұрғындармен бірге жүргізіледі», - деп атап өтті ол.

Қ. Байғариннің айтуынша, жобаның негізгі серіктесі биоалуандылықты сақтау бойынша Қазақстандық қауымдастық.

«Қауымдастық қазірдің өзінде Орталық Қазақстандағы қалпына келтірілген «Алтын дала» резерватында Пржевальский жылқыларына қолайлы жағдайлар жасаумен айналысып жатыр. Бұл жұмыс та кемінде 20 жылға жоспарланған. Бұл ретте Неміс зообақтарынан көмек күтіліп отыр. Монғол әріптестеріміз де қол ұшын созуға әзір. Өйткені олардың Пржевальский жылқысын қалпына келтіру тәжірибелері өте мол. Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі де жобаны қолдауға әзір екендіктерін білдірген. Сондықтан, бұл жоба сәтті болмақ», - деді ол.

Маманның айтуынша, жоба біршама қымбат тұрады. Сондықтан бұл бағдарламаны Үкімет деңгейінде қабылдау қажет.

Соңғы жаңалықтар