Қазақстанда ресми тіркелген 9 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдардың тек 1 мыңы ғана тұрақты жұмыс істейді - А.Соловьева

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанда ресми тіркелген 9 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдардың тек 1 мыңы ғана тұрақты жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Астанада басталған үкіметтік емес ұйымдардың бейресми конференциясында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева айтты.

Қазақстанда ресми тіркелген 9 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдардың тек 1 мыңы ғана тұрақты жұмыс істейді - А.Соловьева

«Статистикалық мәліметтер бойынша, елде 35 мыңға жуық қаржылық емес ұйымдар тіркелген. Олардың құрамына нотариалдық кеңселер, адвокатуралар, мемлекеттік коммерциялық емес ұйымдар және тағы басқалар кіреді. Ал тек қана әлеуметтік мәселелермен айналысатындары - 9 мыңға жуық. Солардың ішінде тұрақты түрде жұмыс істейтіні тек бір мыңы ғана. Біздің қазіргі мақсатымыз ҮЕҰ-лардың қызметін өміршең ету. Бұл мәселені Азаматтық қоғамды дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында егжей-тегжейлі жазып, көрсетуді қарастырып отырмыз», - деді ол.

Ал Қазақстанның Азаматтық альянсының атқарушы директоры Алина Хаматдинованың сөзіне қарағанда, тұрақты түрде жұмыс істейтін ҮЕҰ-лардың арасында жастар ұйымдарының белсенділігі жоғары.