Қазақстанда рейстерді кешіктірмей орындайтын авиакомпаниялардың тізімі жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Қазақстанда өз рейсін кешіктірмей орындайтын әуе компаниялар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Үздік үштікте Өзбекстан, Мажарстан және Польшаның әуе желілері бар.

«2018 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанға тұрақты рейстер орындайтын шетелдік әуе компаниялары арасында «Wizz Air» әуекомпаниясы (Мажарстан) - 98% рейстерді уақтылы орындаған (барлығы 52 рейс орындалды), «LOT Polish Airlines» (Польша) - 97% (86 рейс), «Өзбекстан хаво йоллари» (Өзбекстан) - 94% (266 рейс), «Turkish Airlines» (Түркия) - 90% (297 рейс) тұрақты орындалған», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Аталған мерзім ішінде 100 рейстен артық орындаған шетелдік әуе компанияларының арасында жоғары нәтиже көрсеткендердің тізімі мынадай:

«Өзбекстан хаво йоллари» (Өзбекстан) - 94% (266 рейс); «Turkish Airlines» (Түркия) - 90% (297 рейс); «Сибирь» (Ресей) - 86% (205 рейс); «Air Arabia» (БАӘ) - 80% (165 рейс) және «Fly Dubai» (БАӘ) - 76% (307 рейс).

Қазақстандық әуе компаниялары арасында  ұшу тұрақтылығы бойынша жезқазғандық әуе компаниясы топ жарды: «Жезқазған-эйр» - 100% (51 рейс); «Жетісу» - 100% (11 рейс); «Бек Эйр» - 97,8% (5 150 рейс); «Южное небо» - 94,3% (548 рейстер); «Эйр Астана» - 86,16% (21 657 рейс); «SCAT» әуе компаниясы - 79,9% (10 446 рейс) және «Qazaq Air» - 78% (2 544 рейс).

Соңғы жаңалықтар