Қазақстанда ірімшік пен сүзбе қанша тұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Ірімшік пен сүзбе сияқты сүт өнімдерінің қай қалаларда арзан екенін Kazinform агенттігінің тілшісі зерттеп көрді.
Ірімшік пен сүзбе күнделікті қолданылатын сүт өнімдерінің қатарында, дегенмен, екеуінің сөредегі базасында айтарлықтай айырмашылық бар. Оның себебі жоқ емес. Бірінші әрі басты себеп олар өндірілетін сүттің бағасына тікелей байланысты. Ал бұған жыл мезгілі, малдың жем-шөбі, басқа да көптеген фактор әсер етеді. Электр энергиясының бағасы мен өндіріс технологиясы, шикізат құрамы, өнімді орау, жеткізу құны мен өзге де аспектілер бар.
Мысалы, ірімшіктің бағасы өндірушіге (жергілікті немесе сырттан әкелінетін), өнімнің майлылығына (0-1% 9 пайыздыққа қарағанда арзан), оның қандай шикізаттан өндірілгеніне, орам мен сақтау мерзіміне байланысты. Әдетте жергілікті фермерлер жасаған немесе тұрғындар үйден істеп сататын өнім арзан болады.
Еліміздің әртүрлі қаладарындағы бағаны салыстыра отырып оның Қазақстан бойынша орташа құны 2000 теңге екеніне көз жеткіздік. Әрине, кейбір өңірлерде одан арзанын, кейбірінде тіпті қымбатын табуға болады.
Ең арзан ірімшік Қостанайда сатылып жатыр — 1100 теңгеден, бұл — біз әлгінде айтқан үйде істелген түрі. Дүкендерде келісі үшін баға 2136 теңгеден басталады.
Одан сәл қымбаты Петропавлда — 1200 теңгеден және Түркістанда — 1500 теңгеден. Арзанырағын Тараздан да табасыз, шамамен 1600 теңгеден басталады. Әйтсе де, тұрғындар базарда кейбір әжелер тұрақты тұтынушыларына келісін 1200 теңгеден сататынын айтады.
Тараз дүкендерінде өнімнің орташа бағасы 2000 теңге шамасында. Семей жұртшылығы ірімшікті 1700, Талдықорғанда 1890 теңгеден сатып ала алады. Ірімшіктің орташа бағасы Астана, Көкшетау, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Өскемен қалаларында 1900-2 000 теңге аралығында сақталып отыр. Ал Павлодар қаласында 1 келі сүзбенің бағасы 2 200 теңгеден басталады. Алайда мұндағы «үй сүзбесінің» бағасы одан да жоғары, кейде 4 600 теңгеге дейін жетеді. Алматы қаласында да 1 келі сүзбенің бағасы 2 200 теңгеге жуық.
Қызылорда тұрғындарына келісі 2600 теңгеден сатылып жатыр. Ең қымбат өнім Орал, Қарағанды дүкендерінде — келісі 3250 теңгеден, ал Жезқазғанда 3500 теңгеден.
Әдетте сүзбе 200 граммдық қаптамада сатылады. Бір қаптамасының бағасы 650-700 теңгеден басталады.
Ірімшікке келсек, бәрі әлдеқайда күрделі. Оның түріне қарай бағасы құбылады. Әдетте сапалы ірімшік қымбат болады деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен, одан бірнеше есе арзан тұратын, бірақ ірімшік қатарында есептелмейтін де өнім түрлері бар. Біз қатты ірімшіктің бағасын салыстырамыз. Оның келісі 3000-5000 теңге аралығында.
Түркістанда одан төмен бағаға — 1600 теңгеге табасыз. Әрине, сатып алушылар айтқандай, бағасына қарай сапасы. Мұнда ірімшіктің келісі 8000 теңге дейін барады. Классикалық ірімшікті Астана, Семей, Өскемен, Қызылорда, Талдықорған және Павлодар тұрғындары 2500-3000 теңгенің шамасында ала алады. Ал ең жоғары баға 8000-9000 теңгеге дейін жетеді.
Одан қымбаттауын Тараздан кезіктіресіз — келісі үшін 3150 теңге.
Классикалық қатты ірімшіктің бағасы 4500 теңгеден басталады. Мәселен, осындай бағаға Көкшетаудың Щучинск қаласында өндірілген жергілікті өнімді сатып алуға болады. Негізінен ірімшік облыс орталығында 6 000 теңгеден және одан жоғары бағаға сатылып жатыр (ал қаптамада 200-350 граммнан). Петропавлда да осы шамадағы баға — келісі 4700 теңгеден 7000 теңгеге дейін барады. 5000 теңгеден 6000 теңгегеге дейінгі бағаға Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Қостанай, Жезқазған тұрғындары сатып ала алады. Ал Қостанайда бір килограмм өнім 8500 теңгеден басталып 12000 теңгеге дейін жетеді. Ақтауда ең төменгі баға 6500 теңгеден басталады, бұл — біздің рейтингіміздегі ең жоғары баға.
Еске салайық, бұған дейін біз соғым бағасын салыстырғанбыз. Оның ішінде ет Қазақстанның қай аймағында арзан, қай жағында қымбат екенін жаздық.