Қазақстанда роботты кардиохирургия енгізіледі

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Республикада роботты кардиохирургия әдісін енгізу жоспарлануда, деп хабарлады «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқармасының төрағасы Юрия Пя pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Қазақстанда роботты кардиохирургия енгізіледі

«Біз емдеудің роботты кардиохирургия сияқты әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз, мұнда операцияны  роботтар жасайтын болады», - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басшысы. 

Юрий Пяның айтуынша, бүгінде  кардиология, кардиохирургия және интервенциялы хирургия бойынша көптеген операциялар жасалуда.

«Кардиология, кардиохирургия және интервенциялық хирургия шегінде  кардиология мен кардиохирургияда бар көкейкесті мәселелерді біріктіретін көптеген операциялар жасалуда. Тек осы интервенциялық кардиологияда ғана гибридті араласуды жүргізетін үлкен серпін болуы мүмкін», - деді профессор.

Орталықтың жоспары - науқастың жүрегін толығымен жасандыы жүрекпен алмастыру. Елдің бас кардиохирургының айтуынша, Қазақстанда бүгінде кардиологиялық  қызмет көрсету бойынша ең үздік жиырма елдің қатарына  кірудің барлық мүмкіндігі бар. «Кардиологиялық  қызмет көрсету көрсеткіштері бойынша бізде 20 дамыған елдің қатарына кіруге мүмкіндік  бар, сондықтан біздің мақсатымыз Қазақстандағы кардиологиялық  қызметті қолжетімді ету», - деп қорытындылады сөзін  Юрий Пя.