Қазақстанда рождестволық мереке күндері ауа райы жылиды - Қазгидрометтің болжамы

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аймақтарында рождестволық мереке күндері қар, бұрқасын, желдің күшеюі, тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметінен 5-8 қаңтар күндеріне жасаған ауа райы болжамында.

Қазақстанда рождестволық мереке күндері ауа райы жылиды - Қазгидрометтің болжамы

Олар циклонның Каспий теңізінің оңтүстік аудандарынан жылжуымен байланысты. Оның әсерімен батыс пен оңтүстікте сулы қар түріндегі жауын-шашынды, кейбір жерлерде көктайғақты күтуге болады.

Бұл мезгілде күн жылына бастайды: ауа температурасы батыста түнде және күндіз көбіне -5 градустан +2 градусқа дейін, солтүстікте түнгі уақытта температура 25-30 градустан 15-20 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 15-20 градустан 5-10 грудасқа дейін суық болады.