Қазақстанда рулі оң жақтағы алғашқы көлік тіркеуге қойылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының мамандандырылған ХҚКО-да алғаш рет рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Сәкен Ғалиев – рулі ауыстырылған көлікті тіркеген Қазақстандағы бірінші адам. Ол «Тойота альфард» автокөлігінің оң жақтағы рулін сол жағына ауыстырды. Айтуынша, жұмыс процесі көп уақытты алмаған.

«Автокөлікті Армения Республикасынан әкелдім. Оны уақытша есепке қою үшін полицияға арыздандым. Өтінішті тіркегеннен кейін «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығында көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамаларын алдым. Көліктің рулін, жарықшамдарын және орындығын ауыстырдым. Бәрі бір күнде іске асты.Сертификаттауды 20 теңгеге өткіздім, ал уақытша есепке қою анықтамасы үшін 12 мың теңге төледім. Енді көлігіммен ел территориясында кедергісіз жүре аламын», - дейді көлік иесі.

Қостанай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, автокөліктерді уақытша есепке қою үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет. Бір сағат ішінде көлік иесіне техникалық паспорт және сары түсті мемлекеттік нөмірлер берілді. Егер көлік Сәкен Ғалиевтікіндей болса, техникалық төлқұжатта «Ерекше белгілер» бағанында автомобильдің руль механизмі қайта жабдықталғаны туралы белгі пайда болады.


Соңғы жаңалықтар