Қазақстанда С гепатитіне 50 мың адам шалдыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда С гепатитіне шалдыққандардың тізімінде 50 мың адам тіркелген.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас гепатологы Күлпәш Қалиасқарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанда С гепатитіне шалдыққан 50 мың пациент есепте тұр. Олардың 360-ы - балалар", - деп жауап берді Қалиасқарова тілшілердің қойған сауалына.

Дәрігердің айтуынша, бауыр аурулары Қазақстанда жоғары өлім-жітім себептерінің бірі.

"Ас қорыту органдарының аурулары Қазақстанда өлім-жітім бойынша 4-5 орында. Солардың 75 пайызы - бауыр дерттерінен орын алады. Ас қорыту органдары аурулары ішінде бауыр дерттері өлім-жітімге көп себепші болады деген сөз. С гепатиті бойынша мәліметтер келтіре кетсек, жыл сайын бізде 400 адам аталмыш вирусқа шалдығады", - дейді бас гепатолог.

Соңғы жаңалықтар