Қазақстанда салафизм ағынын ұстанғандардың саны 15 мыңға жуықтайды - Ғ.Шойкин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда салафизм бағытына кеткен адамдардың нақты санын шығару мүмкін емес. Бірақ, шамамен олардың саны 15 мыңға жетеді. Бүгін «Эксперт» клубының отырысына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин осылай мәлім етті.

«Салафизм бағытына кеткен адамдардың нақты санын шығару мүмкін емес. Бірақ, шамамен олардың саны 15 мыңға жетеді. Қазақстанда қанша адам осы салафизм бағытына кеткенін ешкім де дөп басып айта алмайды. Қазір қоғамда сарапшылар осы ағымға тыйым салу туралы пікір айтып жатыр. Құзырлы органдар бұл мәселені жан жақты зерттеуде. Бірақ, осы бағытқа кәдімгідей тыйым салсақ, оның салдары қандай болады деген мәселені қарау керек. Қазір бұл мәселені жан-жақты қарау керек екенін, себебі, егер біз радикалды шаралар қабылдасақ, онда әдебиетті, аудио-бейнежазбаларға қатысты шешім қабылдауымыз керек. яғни, бір тыйым салумен шешілетін мәселе емес. 2014 жылдан бері «Ақниет» оңтайландыру орталығы дәстүрлі емес діни ағымға кеткен 300 адамды дұрыс жолға салған. Бірақ, олардың қайтып сол ағымға бармайтынына ешкім кепіл бере алмайды. Қазір теріс ағымға кеткен 500-ден астам адам жазасын өтеп жатыр»,-деп хабарлады Ғалым Шойкин.

Ал, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Алла Елшісі Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) мына бір өсиетін айтып берді.

 «Мұхаммед Пайғамбарымыз: «мен өмірден өткеннен кейін сендер 73 түрлі ағымға бөлінесіңдер» деген екен. «Соның жетпіс екісі адасып жүреді де, бір ғана жол түзу жолмен барады» депті. Сона Алла Елшісінен «олар кімдер» деп сұрапты. Сонда Пайғамбарымыз: «Менің сүннетімді толық ұстанғандар, мен айтып кеткен жолды ұстанып, кейінгі ұрпаққа жеткізетіндер және соның жолына ергендер» деген екен. Жалпы, бүгінгі таңда, салыстырмалы түрде қарасақ, ол 73 емес, 73 жолының ішінен де қаншама бөлініп шыққан жүздеген ағымдар болуы мүмкін»,-деді бұл мәселені толықтырған С.Ораз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram