Қазақстанда Салық төлеуші кабинетінің сервистері істен шықты
АСТАНА. KAZINFORM – 17 тамызда сағат 16:00-ден бастап Салық төлеушінің кабинетінде салық есептілігін ұсыну сервистері істемей тұрды.
Сервистің тұрақты жұмысын қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылданды.
Қазіргі уақытта салық есептілігін қабылдау штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
— Бұл ретте ұсынылған салық есептілігінің барлық нысаны жіберілген күнімен қабылданып, өңделетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген Мемлекеттік ікірістер комитеті хабарламасында.
Айта кетелік стрим арқылы сауда жасайтындарға да салық ескертуі жіберілетіні туралы жазған едік.