Қазақстанда салық жеңілдіктері азаяды

салық
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Үкіметтің алдында салық жеңілдіктерін кемінде 20%-ға қысқарту міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов айтты.

Премьер Салық кодексін тексеру қорытындысы бойынша жеңілдік ретінде 478 норма анықталғанын атап өтті.

«Біздің алдымызда салық жеңілдіктерінің көлемін кемінде 20%-ға қысқарту міндеті тұр. Жеңілдіктер қаржылық есептеулер негізінде экономикалық тұрғыда негізделіп берілуі керек. Нәтижелерге қол жеткізудің нақты мерзімдері көрсетілуге тиіс. Ұлттық экономика министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен және „Атамекен“ ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, салықтық жеңілдіктерді қолданудың міндетті мониторинг тетігін енгізуді, сондай-ақ бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Соңғы жаңалықтар